Жыл сайын музыка мектбінің бірінші сынып оқушылары «Мен жасаушымын» атты конкурсына қатысады.Барлық оқушылар белсенді қатысып, балалар ата-аналарымен бірлесіп ерекше жұмастарын жасады. Барлық оқушыларға сыйлықтар мен құрмет грамоталары табысталды.
Жыл сайын музыка мектбінің бірінші сынып оқушылары «Мен жасаушымын» атты конкурсына қатысады.Барлық оқушылар белсенді қатысып, балалар ата-аналарымен бірлесіп ерекше жұмастарын жасады. Барлық оқушыларға сыйлықтар мен құрмет грамоталары табысталды.
2024 жылдың 19 қараша күні Жастар сарайында музыка мектебінің оқушылары облыстық «Жас жұлдыздар» конкурсына қатысты. Гитара класының оқушылары Кондрашов Ярослав және Андреева Элина 3 орынға ие болды. Домбырашылар класының оқушылары қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.
Музыка мектебіміздің бітіру кеші мен шығармашылық есебі – жылдағы ең қызықты оқиғалардың бірі! Биылғы оқу жылында музыка мектебін 6 жас музыкант бітірді. Олардың екеуі оқуды үздік аяқтады! Бұл фортепиано сыныбында Михель Анна мен Никибаева Зарема. Дәстүрлі қоштасу сөзін мектеп директоры Ж.Е.Әлтаевқа берілді және де 17 үздік оқушыны мақтау қағаздарымен, ата-аналарын алғыс хаттармен марапатталды. Концертке музыка мектебінің барлық оқушылары мен түлектері қатысты. Әртүрлі шығармаларды домбырашылар ансамблі, гитаристер ансамблі, хор, сонымен қатар жеке нөмірлер орындады. Мереке жылы әрі достық жағдайда, ризашылықпен келген көрермендердің ду қол шапалақтауымен өтті.
Оқушылар әскери қызмешілердің мамандықтарымен танысты (десантшы, теңізші, ұшқыш, радист, шекарашы, әскери дәрігер, танкист).Балалар жұмбақтар шешті, қағаздан ұшақтар істеді, газ тұмылдырығын жылдамдыққа киді. «Жажда победы» конкурсында жылдамдыққа балалар бір стақан су ішу керек еді. «Проверка памяти» конкурсында балалар 10 затты жазып оны есте сақтап алу керек еді.Музыкалық нөмерлермен фортепиано, домбыра, гитара класының оқушылары шығармалар орындады.Іс-шара кіші хордың орындауында «Моя Родина Казахстан» әнімен аяқталды.
19 наурыз – «Жаңару күні», аудандық музыка мектебінде табиғат, жер дүниенің жаңарып жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесін ән –күймен шашу шашып, аттап өтті. Концертті дайындаған Әлтаева Л.А. және домбыра класының оқушылары.
«Биіктерде, төрлерде,
Шалқи берсін туымыз!»
Арналады сендерге
Әнімізбен жырымыз! – деп оқушылар өздерінің өнерін көрсетті.
2024 жылдың 1 наурызда музыка мектебінің оқушылары облыстық «Дебют» байқауына қатысты. Домбыра сыныбының оқушылары Сапарғали Асанәлі мен оның оқытушысы Әсем Қайыргелдіқызы Қоспанованы құрметті 3-орнымен құттықтаймыз.
Темірғалиева Айымгүл Алтайқызының оқушысы (Николаевка с.) Елеукина Адель 3 орын алды.
Гитара сыныбының оқушылары, оқытушысы Позолотина Виктория Юрьевна, Кондрашов Ярослав және Ақбай Дарина 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Біз барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз, олардың күш-жігері үшін алғыс білдіреміз және оларға алдағы жеңістерін тілейміз!
2024 жылдың 28 наурыз күні «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ «Жұлдыз-2024» облыстық жас пианистер конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты – Қазақстанның мәдениетін дамыту, европалық және отандық музыкалық өнерін насихаттау, балалардың музыкалық –эстетикалық дамытуды ынталандыру, өскелең ұрпаққа балалардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін мүмкіндік беру, дарынды балаларды анықтау, БММ арасында шығармашылық контак орнату, шығаршылық қарым-қатынас үшін жағдай жасау, тәжірибиемен алмасу, жетекшілер мен оқытушылардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру.
Конкурста Солтүстік Қазақстан облысының өнер мектептерінің, музыка мектебінің оқушылары өнер көрсетті. Конкурс екі номинацияда өткізілді: «Соло», «Фортепианный ансамблі», «Аккомпанемент».
Жас топтары: 1 топ –9 жасқа дейін; 2 топ – 10 -12 жас; 3 топ – 13-16 жас.Қатысушылар екі түрлі шығарма орындады.
Конкурс салтанатты, мерекелік атмосферада өтті. Байқауға қатысушылардың өнерін тамашалаудан жарқын әсер алып, әр қатысушыға бірауыздан қол соққан көрермендер залға лық толды. Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Біздің мектептен Белокөз Ксения 3 жас тобында «Соло» номинациясы бойынша байқауға қатысты. Оқушы 2 орынға ие болды.
Ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының мүшелеріне жоғары кәсібиліктері, өз жұмыстарына берілгендіктері, жылы, мерекелік атмосфера мен байқаудан ұмытылмас әсер қалдырғаны үшін алғыс айтамыз.