Бұл шара өткен оқу жылының жарқын қорытындысы болып, сахна төріне ең дарынды тәрбиеленушілерді жинады. Мерекелік кешке ата-аналар, ұстаздар мен өнерсүйер қауым қатысты.
Бұл шара өткен оқу жылының жарқын қорытындысы болып, сахна төріне ең дарынды тәрбиеленушілерді жинады. Мерекелік кешке ата-аналар, ұстаздар мен өнерсүйер қауым қатысты.
Наурыз – тек күнтізбелік жаңа жыл ғана емес, бұл – жанымыздың жаңғыруы! 2026 жылдың 16 нарыз күні біздің Өнер мектебінде өткен «Наурыз – жыл басы» мерекесі нағыз рухани думанға айналды. Күміс көмей әншілеріміз бен күйшілеріміз мерекенің сәнін келтіріп, көрерменге ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазақы нақыштағы киімдер, ақ тілектер мен жылы лебіздер мектебіміздің ішін шуаққа бөледі.
Өнер мектебінде Халықаралық әйелдер күні — 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті. Келген ата-аналар өздеріне арналған жылы лебіздер мен игі тілектерді естіп, гитара, домбыра және фортепиано ансамбльдерінің орындауындағы шығармаларды тамашалады. Көрермендер алдағы мерекеге тамаша көңіл-күй мен ұмытылмас әсер алды.
25 ақпан 2026 жылы біздің тәрбиеленушілеріміз «Дебют» облыстық жас музыканттар байқауында Өнер мектебінің намысын абыроймен қорғап шықты. Әрбір шәкіртіміздің жетістігін мақтан тұтамыз!
ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
Белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталғандар:
Балаларды және олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз! Шығармашылық биіктерді бағындыра беріңіздер, толағай табыстар тілейміз!
2025 жылдың 15 желтоқсан күні Өнер мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты мерекелік концерті өткізілді.
2025 жылдың 3 маусымында аудандық Мәдениет үйінде музыка мектебінің есептік концерті өтті, оған мектептің барлық оқушылары қатысты. Құттықтау сөзімен директор Әлтаев Жадыгер Есманғазыұлы сөз сөйледі. Ол үздік оқушыларға мақтау қағаздарын, музыка мектебінің ата-аналарына алғыс хаттар мен музыка мектебін бітіргендері туралы куәліктерді табыс етті. Биылғы оқу жылында мектепті 5 түлек бітірді: Белокоз Ксения (фортепиано сыныбы үздік), Кемелова Алуа (домбыра сыныбы), Қусаинова Дана (фортепиано сыныбы), Метринская Валерия (фортепиано сыныбы), Нурмуканов Санжар (домбыра сыныбы). Концерт бір демде өтті. Балалар мен ата-аналар жағымды эмоциялар алды.
8 мамыр Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында музыка мектебінің қабырғасында әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Соғыс жылдарындағы әндер ешкімді бей-жай қалдырмайды, оларда - біздің тарихымыз, халқымыздың ерлігі, ол - біздің есімізде.
Служба управления персоналом аппарата акима Айыртауского района Северо-Казахстанской области объявляет об отборе оценщиков для включения в состав конкурсной комиссии
Для включения в состав конкурсной комиссии на занятие вакатных административных государственных должностей корпуса «Б» местных исполнительных органов Айыртауского района Северо-Казахстанской области производится отбор оценщиков по следующим направлениям:
«Туризм».
Лица, изъявившие желание участвовать в конкурсах в качестве оценщика должны авторизоваться на интернет-портале eqyzmet.gov.kz.
Оценщик – член конкурсной комиссии, имеющий опыт работы не менее трех лет в областях, соответствующих функциональным направлениям вакантной должности, в том числе в научной сфере, а также специалисты по управлению персоналом или государственные служащие других государственных органов.
Срок подачи заявки для участия в отборе: с 02 апреля 2025 года по 08 апреля 2025 года.
2025 жылдың 15 наурыз күні Петропавл қаласында Облыстық "Звезды Приишимья" жас вокалистер конкурсы өтті,музыка мектебінің атынан 3 сынып оқушысы Сәбит Әмина қатысып, өзінің 8-10 жас аралығындағы санатында 1 жүлделі орынға ие болды. Жас жұлдызды Маликова Елена Ивановна дайындады.