"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Есіл ауданының білім бөлімі" КММ "Музыка мектебі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

2025 жылдың 3 маусымында аудандық Мәдениет үйінде музыка мектебінің есептік концерті өтті, оған мектептің барлық оқушылары қатысты.

2025 жылдың 3 маусымында аудандық Мәдениет үйінде музыка мектебінің есептік концерті өтті, оған мектептің барлық оқушылары қатысты. Құттықтау сөзімен директор Әлтаев Жадыгер Есманғазыұлы сөз сөйледі. Ол үздік оқушыларға мақтау қағаздарын, музыка мектебінің ата-аналарына алғыс хаттар мен музыка мектебін бітіргендері туралы куәліктерді табыс етті. Биылғы оқу жылында мектепті 5 түлек бітірді: Белокоз Ксения (фортепиано сыныбы үздік), Кемелова Алуа (домбыра сыныбы), Қусаинова Дана (фортепиано сыныбы), Метринская Валерия (фортепиано сыныбы), Нурмуканов Санжар (домбыра сыныбы). Концерт бір демде өтті. Балалар мен ата-аналар жағымды эмоциялар алды.