"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Есіл ауданының білім бөлімі" КММ "Музыка мектебі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

«Жұлдыз-2024» облыстық жас пианистер конкурсы

2024 жылдың 28 наурыз күні «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ «Жұлдыз-2024» облыстық жас пианистер конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты – Қазақстанның мәдениетін дамыту, европалық және отандық музыкалық өнерін насихаттау, балалардың музыкалық –эстетикалық дамытуды ынталандыру, өскелең ұрпаққа балалардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін мүмкіндік беру, дарынды балаларды анықтау, БММ арасында шығармашылық контак орнату, шығаршылық қарым-қатынас үшін жағдай жасау, тәжірибиемен алмасу, жетекшілер мен оқытушылардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру.
Конкурста Солтүстік Қазақстан облысының өнер мектептерінің, музыка мектебінің оқушылары өнер көрсетті. Конкурс екі номинацияда өткізілді: «Соло», «Фортепианный ансамблі», «Аккомпанемент».
Жас топтары: 1 топ –9 жасқа дейін; 2 топ – 10 -12 жас; 3 топ – 13-16 жас.Қатысушылар екі түрлі шығарма орындады.
Конкурс салтанатты, мерекелік атмосферада өтті. Байқауға қатысушылардың өнерін тамашалаудан жарқын әсер алып, әр қатысушыға бірауыздан қол соққан көрермендер залға лық толды. Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Біздің мектептен Белокөз Ксения 3 жас тобында «Соло» номинациясы бойынша байқауға қатысты. Оқушы 2 орынға ие болды.
Ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының мүшелеріне жоғары кәсібиліктері, өз жұмыстарына берілгендіктері, жылы, мерекелік атмосфера мен байқаудан ұмытылмас әсер қалдырғаны үшін алғыс айтамыз.