"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Есіл ауданының білім бөлімі" КММ "Музыка мектебі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

31 мамыр күні «Музыка мектебі» КМҚК залы ғажайып музыка әлеміне енгісі келетіндердің барлығын қонақжайлықпен есігін айқара ашты!

Музыка мектебіміздің бітіру кеші мен шығармашылық есебі – жылдағы ең қызықты оқиғалардың бірі! Биылғы оқу жылында музыка мектебін 6 жас музыкант бітірді. Олардың екеуі оқуды үздік аяқтады! Бұл фортепиано сыныбында Михель Анна мен Никибаева Зарема. Дәстүрлі қоштасу сөзін мектеп директоры Ж.Е.Әлтаевқа берілді және де 17 үздік оқушыны мақтау қағаздарымен, ата-аналарын алғыс хаттармен марапатталды. Концертке музыка мектебінің барлық оқушылары мен түлектері қатысты. Әртүрлі шығармаларды домбырашылар ансамблі, гитаристер ансамблі, хор, сонымен қатар жеке нөмірлер орындады. Мереке жылы әрі достық жағдайда, ризашылықпен келген көрермендердің ду қол шапалақтауымен өтті.