Біздің жетістіктеріміз. Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет.

«Дебют» облыстық жас музыканттар конкурсы

2023 жылдың 17 ақпан күні Петропавл қаласында «Жас дарын»өнер мектебі» МКҚК базасында «Дебют» облыстық жас музыканттар конкурсы өткізілді. Байқаудың мақсаты –музыкалық мектептер мен өнер мектептері оқушыларының орындаушылық шеберліктерін арттыру, талантты балаларды анықтау және қолдау, фортепианода орындаушылықты насихаттау. Байқауға балалар мен музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары қатысты. Барлығы 60 қатысушы музыканттар өнер көрсетті.Байқау екі номинацияда өткізілді –«Фортепиано номинациясында

1.«Солист»

2. «Ансамбль»

Байқау үш жас номинациясында бағаланды: 7-10 жас; 11-13 жас; 14-17 жас. Қазылар алқасы құрамына өнер колледжі музыкалық пәндер оқытушылары кірді. Біздің музыка мектебінің атынан келесі оқушылар қатысып лайықты марапат алды:

2 дәрежелі лауреат дипломы – Белокоз Ксения, оқытушы Голубева И.Н.

2 дәрежелі лауреат дипломы – Тимченко София, оқытушы Мотова Т.А.

3 дәрежелі лауреат дипломы–Никибаева Зарема, оқытушы Мальцева М.В.   Кириллова Екатерина, оқытушы Маликова Е.И.  

Ансамбль – Никибаева Зарема, Ларионова Дарья, оқытушы Маликова Е.И.

4 дәрежелі диплом –Метринская Софья, оқытушы Мальцева М.В. Бұл балалардың өміріндегі өте маңызды оқиға болды. Өйткені, музыка олардың жүрегінде бүкіл әлемді алады.

Ақын, айтыскер, Шал ақынның 275 жылдығына орай «Күмбірлеген күміс күй» атты облыстық күйшілер байқауы 

2023 жылдың 10 ақпанында Шал ақын ауданында Сергеевқа қаласында халық ақыны Тілеуке Құлекеұлы – Шал ақынның 275 жылдығына орай «Күмбірлеген күміс күй» облыстық күйшілер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты Шал ақынның - Тілеуке Құлекеұлының есімін жаңғырту, жас ұрпаққа таныту.Төл аспабымыз домбыраға деген қызығушылықты арттыру. Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Күй мұрасын халыққа кеңінен насихаттау. Байқауға Халықаралық, Республикалық күйшілер сайыстарында бас жүлде алмаған 9 бен 14 жас аралығында өнерпаздар қатысты.Біздің музыка мектебінің атынан 5 оқушы қатысты. Дина Нурпеисованың «Тойбастар» күйін Накенов Азиз орындады, Қазанғап «Учитель» күйімен Сапарғали Асанәлі, Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы»  күйін Кемелова Алуа орындады, Раздықтың «Сал күрең» күйін Нурмуканов Санжар тарту етті, халық күйі «Тепең көк» Мустафина Жазира орындап шықты. Қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлақтар берілді.Сапарғали Асанәліге 2 дәрежелі диплом мен ақшалай сертификат және Мустафина Жазираға «Жас орындаушы» номинациясы берілді.

 

 

Сольфеджиодан облыстық теоретикалық олипиада

2023 жылдың 20 қаңтар күні Петропавл қ. өтетін өнер мектептері мен балалар музыка мектептерінің 5 сынып оқушылары арасында сольфеджиодан облыстық теоретикалық олипиада өткізілді. Музыка мектебінің атынан фортепиано класының 5-сынып оқушысы Никибаева Зарема,Кусаинова Дана қатысты, оқытушысы Мотова Тамара Алексеевна. Оқушылар 2 дәрежелі лауреаты дипломдарымен марапатталды.

«Искусства связующая нить» атты жас музыканттар мен суретшілердің облыстық фестивалі 

2022 жылғы 4 қарашада Петропавл қаласының № 1 өнер мектебінің базасында П.И. Чайковскийді еске алуға, Петропавл қаласының құрылғанына 270 жыл толуына, № 1 Балалар музыка мектебінің ашылғанына 77 жыл толуына арналған жас музыканттар мен суретшілердің облыстық байқау-фестивалі өтті.                            

Конкурстың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары: Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы ОЮЛ СКФ, Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымдастығы ҚБ, Петропавл қаласының № 1 өнер мектебі.

Байқаудың мақсаты - жас музыканттар мен суретшілердің Петропавл қаласының Мәдениет және Музыкалық білім беру тарихына қосқан шығармашылық үлесі; ата-бабалардың мәдени мұрасын сақтау; дарынды жастарды олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруда қолдау; балалар арасындағы жан-жақты шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайту.

Пианистер байқауына Петропавл қаласының өнер мектептері мен аудандық музыка мектептерінің (50 адам) оқушылары қатысты. Байқау аспаптық шығармашылық (фортепиано) номинациясында өткізілді.

Қатысушылар екі шығарманы орындады: бір шығармасы орыс композиторы (П.И. Чайковский – қалауы бойынша), екіншісі - орындаушының таңдауы бойынша.

Қазылар алқасының құрамы: Солтүстік Қазақстан облысының еңбек сіңірген мәдениет және Музыкалық білім қайраткерлері.

Байқау салтанатты, мерекелік жағдайда өтті. Зал көрермендерге толы болды, олар әр қатысушыны бір-бірімен қошеметтеді. Барлық балаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Педагогтар алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің мектептен конкурсқа Ксения Белокозы қатысты. Ол 4 орынға ие болды. Болашақта барлық байқауларға қатысуды, орындаушылық шеберлікті жетілдіруді армандайды.

2022 жылдың 4 наурызында «Дебют» облыстық қашықтықтан байқауы өтті. Байқау солист, ансабль, ансамбль, педагог-оқушы номинациясында өткізілді. Біздің мектептің оқушылары белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

1. Никибаева Зарема фортепианоның 4 - сынып оқушысы, оқытушысы М.В. Мальцева 2 жас тобы ерекшелігінде қатысқаны үшін диплом алды.

2. Тимченко София 6 - сынып оқушысы 2 - жас тобы ерекшелігінде, оқытушысы Т.А. Мотова соло номинациясы бойынша 2 - орынға ие болды.

3. Нугуманова Даяна 6 - сынып оқытушысы И.В. Кондратьева, 3 - жас тобы ерекшелігінде, соло номинациясы бойынша 2-орынға ие болды.

4. Ларионова Дарья 3 - сынып фортепиано оқытушысы Е.И. Маликова, 2 - жас тобы ерекшелігінде соло номинациясы бойынша 3 орынға ие болды.

5. Исагулова Дильнас 3 - сынып фортепиано оқытушысы И.В. Кондратьева, 1 - жас тобы ерекшелігінде, педагог-оқытушы номинациясы бойынша 3 - орынды иеленді.

«Крылья таланта-2018»

Осы жылдың сәуір айында СҚМУ негізінде «Крылья таланта-2018» облыстық қашықтық орындаушылық шеберлік конкурсы өткізілді. Біздің музыка мектебінің оқушылары (Корнеевка с.) «Үрмелі аспаптар» номинациясында (блокфлейта класы бойынша) қатысты. Байрамова Рамила (оқытушы Голубева И.Н.) және Хрипункова Варвара (оқытушы Елькина Т.Н.) осы конкурса өздерінің шығармаларын дайындады. Оқушылардың шығармалары бейнеге жазылды және конкурстық комиссияға жіберілді. Конкурстың нәтижесі бойынша біздің оқушылар II-орынға иеленді. Хрипункова Варвара өткен жылы осы конкурсқа қатысып II-орынға ие болды. Хрипункова В. и Байрамова Р. II-дәрежедегі дипломдар берілді. Оқытушы Елькина Т.Н. және Голубева И.Н. конкурсқа қатысушыларды дайындау кезіндегі кәсіпқойлықтары және шеберліктері үшін грамоталар берілді.

Облыстық «Жұлдыз-2018» конкурсы

2018 жылдың 6 сәуір айында «Өнер колледжі — музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандырылған мектеп -интернат» Кешені» КММ балалар музыка мектептері оқушылары, өнер мектептері және жалпы білім беретін мектептер арасында облыстық «Жұлдыз-2018» конкурсы өткізілді.

Аудандық музыка мектебінің оқушылары Фесенко Данил және Бытко Станислав конкурсқа қатысты. Балалар 2 әртүрлі сипаттағы шығарманы орындады.

Конкурстың мақсаты

  • Қазақстанның мәдениетін дамыту, музыкалық және көркемөнер өнерін насихаттау;
  • облыс балаларының музыкалық-эстетикалық дамуын ынталандыру;
  • өскелең ұрпақтың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мүмкіншілік беру, дарынды балаларды анықтау;
  • БММ арасында шығармашылық байланысты орнату, шығармашылық байланысты орнату үшін жағдай жасау, тәжірибиемен алмасу.

Конкурстың қорытындысы бойынша Фесенко Данилға 3-орын берілді, Бытко Станиславқа қатысқаны үшін сертификат тапсырылды. Оқытушылар үшін «Гитаристердің отыруын және орнатуы дыбысты шығарудың негізі ретінде» тақырыбы бойынша шеберлік-класы өткізілді.

ДБМ оқушылары конкурс қатысушылары үшін концерт ұйымдастырды.

Конкурстан кейін балалар үшін брифинг өткізілді, ДБМ оқушылары республикалық конкурстарда өздерінің табыстарымен бөлісті және музыкалық аспаптарда шығармаларды орындап қабілеттерін көрсетті.

Облыстық «Жұлдыз-2018» конкурсы

XVIII  облыстық «Я гитару настрою…» фестиваль-конкурсы 

2018 жылдың 25 ақпан күні «Жас дарын» өнер мектебінде XVIIIоблыстық «Я гитару настрою…» фестиваль-конкурсы өткізілді.

Аудандық музыка мектебінің оқушылары белсене қатысты. Олар Р.Бажилинның «Вальс» шығармасын ансамбльмен орындады. Фестивальға қатысқаны үшін балаларға грамота берілді.

Бытко Станислав, Фесенко Денис, Фесенко Данил, Алексеев Никита, Хорунов Влад және Власова Маргарита 2 әртүрлі сипаттағы шығарманы орындады.

Конкурс–фестиваль жоғары деңгейде өткізілді, барлық қатысушылар өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетіп шықты.

XVIII  облыстық «Я гитару настрою…» фестиваль-конкурсы


Облыстық «Дебют» жас музыканттар конкурсы

2018 жылдың 16 ақпан күні Аудандық музыка мектебінің оқушылары облыстық «Дебют» жас музыканттар конкурсына қатысты. Конкурс «Ішекті аспаптар» номинациясында өткізілді. Қатысушылар 2 әртүрлі сипаттағы шығарманы орындады. сонымен қатар, олар ансамбльде ойнады.

Конкурстың мақсаты дарынды балаларды анықтау және қолдау, музыка мектебі оқушыларының орындаушылық шеберліктерінің дағдыларын көтеру болатын.

Гитара класының оқушысы Бытко Станислав орта жас тобында 3-орын алды. Гитаристер ансамбіліне 6 адам құрамында 3 орын берілді.Домбристер ансамбіліне (6 адам құрамында) 3 — орын, Мұқият Зейінге 3 — орын берілді.

Дәл осы күні БММ үшін 5 сынып оқушыларына музыка әдебиеті бойынша облыстық олимпиадасы өткізілді, осы олимпиадада Аудандық музыка мектебінің оқушысы Бектемирова Ляззат 3-орынға иеленді.

Біз шын ниетімен балаларды осы нәтижелерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта жітістіктерге жетуге тілектеспіз.

Облыстық «Дебют» жас музыканттар конкурсы Облыстық «Дебют» жас музыканттар конкурсы
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области