Мектеп тарихы

«Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі»

Ахмет Жұбанов

1971 жылы Ленин ауданы, Явленка селосының музыка мектебі білім ашылды.  Алғаш мектепке басшылық еткен Спичка Владимир Андреевич еді.  Осы жылдары мектепте Сизенцева Т.С, Усков В.А, Булгаков М.Е, Баранов В.А. ұстаздар еңбек еткен.1973 жылы 15 мамырда Мәскеу ауданы, Корнеевка селосында балалар музыка мектебі ашылды. Мектептің бірінші оқытушылары Авдеенко М.Ф, Авдеенко Э.Ф, Новичков Н.С. болып сабақ берді. Мектеп директоры Авдеенко Николай Федорович болып тағайындалды.Мектепте екі бөлім ашылды: фортепиано және халық (баян) бөлімі. Мектепте Бұлақ, Бескұдұқ, Новоузенка, Корнеевка ауылдарында филиалдар болды. Мектеп өз оқу қызметін 1974 жылдан 1997 жылдың 10 ақпанына дейін жасады (Мәскеу ауданының жабылауына байланысты). Есіл ауданы білім бөлімінің «Корнеевка музыка мектебін қайта жаңғырту туралы» 1997 жылдың 24 қыркүйегінен № 44 бұйрығына сәйкес Корнеека селосы тұрғындарының өтініштері бойынша мектеп қайта өз жұмысын бастады. Мектеп директоры Голубева И.Н. тағайындалды. 2003 жылғы 16 қазанында тіркеу куәлігінің негізінде Корнеевка музыка мектебі «Аудандық музыка мектебі» МКҚК болып қайта тіркелді.

2005 жылдың 10 маусымда - кәуліктің негізінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің "Аудандық музыка мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық білім кәсіпорны болып қайта тіркелді.Музыка мектебінің директоры Мальцева М.В. болып тағайындалды. 2007 жылдан бастап Аудандық музыка мектебінің міндетін атқарушы Әлтаев Ж.Е. 2013 жылдың 18 ақпанынан бастап Аудандық музыка мектебінің директоры болып тағайындалды.

Мектептің ашылуынан бастап және оның зейнет демалысына шығуына дейін Корнеевка балалар музыка мектебінің оқытушысы Новичков Н.С.еңбек етті. Жылдар бойы істеген жұмыс уақытында талай талантты оқушыларды оқытып шығарды, көркем өнерпаздар ұйымының жетекшісі болды, сахнада әлі күнге дейін шырқалатын өлеңдердің музыкасы мен сөздердің авторы болып табылады. Өз еңбегі үшін көп грамоталармен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Булгаков Михаил Ефимович 1930 жылы 5 желтоқсанда дүниеге келген. 1955 жылы Омск қаласының музыкалық училищесін «Баян оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдады. 1968 жылы ЕГФ педагогикалық институтын тәмамдаған. 1958 жылдан бастап 13 жыл бойы ән-күй сабағы бойынша жалпы білім беретін мектепте сабақ берген. 1971 жылдан 1997 жылға дейін баян класы бойынша оқытушы болып жұмыс істеді, халық аспаптар оркестіріне жетекшілік етті. Еңбек ардагері медальмен марапатталды. 1990 жылдан бастап құрмет демалысында.

40 жылдың ішінде біздің мектепті 275 түлек тәмамдады. Олардың көбісі өз ісінің шебері болып, сабақ беруге келді:Позолотина Р.В., Кондратьева И.В., Мотова Т. А., Кричиневская Е. М., Лукьянова Н.А., Долудина Л.И., Малько А. В., Авдеенко М. М., Колбасов А.В., Удачина А., Мицукова Г., Зайберт С.В., Голубева И.Н., Елькина Т.Н., Учайкина А. П., Кириллова В.Ю.

Қазіргі кезде мектепте 10 оқытушы жұмыс істейді.Оның ішінде:

  • Бірінші категория - 2 оқытушы
  • Екінші категория - 5 оқытушы,
  • 2 оқытушы категориясыз,
  • 8 оқытушы жоғары білімі бар.
  • 2 орта арнаулы

Оқытушылардың орта жасы 40 жас.

Білім беру қызметінің негізгі түрлері:

Балаларды екі бөлімде оқыту:

  • Фортепианно бөлімі
  • Халық бөлімі (гитара, домбыра, аккордеон және флейта)

Музыка мектебі оқу жоспарына сәйкес жұмыс істейді. 2005 жылы музыка мектебі «Спорт және білім беру бөлімі» ММ лицензия берілген. 2008 жылы «Аудандық музыка мектебі» МКҚК аттестация өтті.

Таңдалған мамандық бойынша міндетті сабақтарымен қатар оқыту бағдарламасына келесі пәндер кіреді:

  • Сольфеджио

  • Музыкалық әдебиет

  • Хор

  • Оркестр

  • Ансамбль, аккомпанемент

Біздің мектепке келіңіздер!

Біздің мекен-жайымыз:

СҚО, Есіл ауданы,

Явленка селосы, Ленин к-сі., 1 (Аудандық Мәдениет үйінің ғимараты, 2-қабат)

тел. 2 – 20 – 85, Корнеевка селосы., Молодежная к-сі., 14,

тел. 3 – 15 - 51

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области