«Дебют» жас музыканттардың облыстық байқауы

2019 жылдың 15 ақпан күні «Жас дарын» өнер мектебінің базасында «Дебют» жас музыканттардың облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың ұйымдастырушысы — «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.

Байқаудың мақсаты — дарынды балаларды дайындау және қолдау, музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушыларының орындаушылық шеберліктерін арттыру.

Байқауға балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің (59 солист, 12 солист) Ғ. Мүсрепов, Қызылжар, Ақжар, Тайынша, Айыртау, Есіл, Уәлихан, Жамбыл, Шал ақын, Мамлют аудандарының және Петропавл қаласының («№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені»), («Жас дарын» өнер мектебі) оқушылары қатысты.

Байқау фортепиано номинациясында өткізілді («Солист», «Ансамбль»).

Қатысушылар «Солист» номинациясында екі түрлі сипаттағы туындыны орындады (бір туынды қазақстандық композитордың); «Ансамбль» номинациясында таңдау бойынша бір шығарма орындады.

Байқау үш жас санаты бойынша бағаланды: 7-10 жас; 11-13 жас; 14-17 жас.

Байқаудың қазылар алқасы: СҚМУ музыкалық тәртіп және «Өнер колледжі-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернат» кешенінің оқытушылары.

Байқау салтанатты, мерекелік жағдайда өткізілді. Зал көрермендермен лық толы болды, олар әрбір қатысушыға өзінің шапалақтарын аямады. Барлық қатысушыларға дипломдар берілді: қатысқандары үшін, 1, 2, 3 алған орындары үшін.

Біздің музыка мектебінің атынан «Солист» номинациясында Присыч Варвара 7-10 жас санаты бойынша қатысты. Оған қатысқаны үшін диплом берілді. Варя осындай көлемді байқауда бірінші рет қатысып жатыр, ол қатты қобалжыды, жалпы айтқанда жақсы орындап шықты. Ол өзінің орындаушылық шеберлігін шыңдау үшін алдағы барлық байқауларға қатысқысы келеді.

«Дебют» жас музыканттардың облыстық байқауы

«Дебют» жас музыканттардың облыстық байқауы

27.02.2019
Қараулар: 141
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области