2021 жылдың 16 қарашасында Оқушылар сарайында «Ұрпақ FEST» облыстық байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты мен міндеттері: музыка саласындағы қосымша білім беру мазмұнын дамыту. Өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерінің сапалы нәтижелерін анықтау.Қала және облыс мектептерінің оқушылар арасында шығармашылық әлеуетті дамыту және тәжірибе алмасу. Байқауға 6-17 жас аралығында қала және облыс мектептерінің оқушылары қатысты.Байқау екі номинация бойынша өткізілді.
- Вокал (соло): қазақ тіліндегі эстрадалық орындаушылық, орыс тіліндегі эстрадалық орындаушылық,халық вокалы, академиялық вокал.
- Аспаптық орындау (соло): домбыра, гитара, скрипка, баян.
Екінші номинация бойынша аспаптық орындау яғни домбырада Явленка музыка мектебінің 5 сынып оқушысы Еслямбекова Алина қатысты. Осы байқауға қатысқаны үшін Алинаға сертификат берілді.
16.11.2021
Қараулар: 24
Қараулар: 24