«Наурыз – жыл басы»

Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны бірге келді: оның бірі — Жаңа жыл, күн мен түн теңелісі. 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдап келген жаңа жыл мерекесі наурызбен біріктірілді. 2023 жылдың 14 наурызында музыка мектебінде осы мерекелерге орай «Наурыз – жыл басы» атты мәдени шара өтті.

Мақсаты: Балаларға «Амал» мерекесі туралы және де Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Елін, Отанын сүйюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.Мереке өтетін жер ою — өрнектермен, шарлармен безендірілген. Мәдени шара мұғалімнің кіріспе сөз, құттықтауымен ашылды. Оқушылар Наурыз туралы әндер шырқады және де «Алтын сақа» желісі бойынша сахналық көрініс қойылып, Наурыз туралы өлеңдер оқылды. Фортепианода композиторлардың шығармалары орындалды.Осыз мерекеге қатысты түрлі викториналық сұрақтар қойылды. Домбырашылар ансамбілі күйлер орындап және де кіші хор «Наурыз» туралы әнімен көрермендерді құттықтады. Соңы мерекелік шашумен аяқталды. Бағдарлама өте тартымды өтті.

 

16.03.2023
Қараулар: 32
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области