«Музыка әлемі» атты музыка мектебінің кезекті есеп концерті

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Есіл аудандық мәдениет үйі сахнасында «Музыка әлемі» атты музыка мектебінің кезекті есеп концерті өтті. Оқушылар мен оқытушылардың домбыраларынан төгілген сан алуан ән-күйлерімен қоса фортепиано, гитара сынды әр түрлі музыкалық аспаптарда ойналған Ұлы композиторлардың шығармалары өнер сүйер қауымды бір тәнтті етті. Сондай-ақ, вокалдық – хор бөлімінің оқушылары күміс дауыстарымен концертке ерекше рең бергендей болды. Өткен бірнеше жыл арасында музыка мектебі көптеген аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарын тәрбиеледі. Музыка мектебінің есеп беру концерті өте тартымды да мазмұнды өтті. Мұның бәрі оқытушылардың еңбектерінің өтелгені, соның жемісімен жеңісі.

15.05.2019
Қараулар: 97
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области