Құтты Жолдау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халықты толғандырған, көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына шешуін тапқандай болды. Біз білім және өнер саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткендіктен әр жыл сайынғы Президент Жолдауына зор сеніммен және үлкен жауапкершілікпен қараймын. Осы Жолдауда жүрегімізге жақыны мәдениет және білім саласына Президенттің баса назар аударғаны. Ұстаз мәртебесі енді тек сөз жүзінде ғана болмай, сонымен қатар заң жүзінде халыққа бет алды. Мәдениет және білім саласында еңбек етіп жатқан жандардың да еңбекақысы көтерілетіні көңіл қуантарлық жағдай.

Оқулықтың сапасы оң жаққа аяқ басып келе жатқаны да өте орынды. Білім саласы оң жаққа өзгерсе, оқушылардың білім сапасы да оң өзгерістерге ие болмақ деген сөз. Сөз соңында қорытындылай кететініміз, көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы мен төмен пайызды жеңілдігі бар жайлы баспана деген үлкен қолдау сөзсіз ел-жұртты бақытқа кенелтетіні хақ.

12.03.2020
Қараулар: 83
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor coronavirusПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области