30 қарашада музыка мектебінде 1 желтоқсан -Президент күніне арналған «Елімнің тұңғыш президенті» деген тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағаты елімнің егемендігін, ынтымақты, туыстық, бірлікті ойлаған ұрпақтын саналы қасиетіне берген, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналды.Ашық тәрбие сағаты Әнұранды орындаумен басталды.Одан кейін, музыка мектебінің директоры Ж.Е.Әлтаевқа сөз берілді.Ол оқушыларға Елбасының ерекше қадір –қасиетін, тұлғалық тұғыры түсіндірді.Балалардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін артты.Қазақ елінің рәміздерін қастерлеу үйретті.Оқушыларға Қазақстан – бақытты елде тұратындарын айтты. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, тұлға –елдің тұтқасы деп, Жәдігер Есманғазиұлы сөзін аяқтады.
Мұғалім Әлтаева Л.А. қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып – өскен, оқып біліп алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берді.Оқушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы білетіндерін, ол кісі: Қоғам қайраткері, нағыз патриот, Дарынды адам, Әнұранның авторы деп айтты.Тәрбие сағатың жүргізушісі кезекті оқушыларға берді.Балалар Елбасыға арнап өлеңдерін оқып, күй тартып, ән шырқады.Тәрбие сағатының соңында хормен Қ.Мырзалиевтің сөзіне, Е.Хасанғалиевтің әніне жазылған «Атамекен» әнін орындады.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүйюге, ер-жүректілікке, азаматтылыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеген тәрбие сағаты осымен аяқталды.
Қараулар: 36